Төлеби ауданында 400-ден астам гектарда қарқынды бау өседі

Oinet.kz 20-08-2021 340

image.png

Түркістан облысының Төлеби ауданында қарқынды бау көлемі 436 гектарға жетті. Соның бірі Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде орналасқан «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі алма бауын егуді қолға алған.

Өндірістік кооператив аймақтағы ең үлкен жобалардың бірі саналады. Бүгінде шаруашылық 138 гектар аумаққа Италиядан әкелінген 265 мың түп ағаш көшетін отырғызған. Грении Смит, Айдаред, Голден Делишес, Гала сынды сұрыпты алмалар бүгінде өнім беріп жатыр. Алма шаруашылығын мықтап қолға алған кәсіпкер піскен жемісті жинау жұмысын жүргізуде. Ол Қарқынды алма бауында тіреуіш бағаналары, күннен қорғайтын тор және тамшылатып суғару жүйесі орнатылған.

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы өндірістік кооперативке арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыс барысымен танысты. Алма піскен жиын-терім уақытта 150 адам маусымдық жұмысқа тартылады. Жоба құны 1 млрд 645,2 млн теңге болса, кәсіпкер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 1 млрд 153,3 млн. теңге несие алған.

Бұдан бөлек, Қасқасу елді мекенінде 18 гектар жерге Қазақстан алмасының бренді Алматы апорты өсіру қолға алынған. Апорт өте дәмді алма және сұранысқа ие. Алманы күтіп баптау жұмысы да оңай емес. Апорт алмасы тек жеті жылдан кейін өнім береді. 12-13 жылдан кейін бір түптен жеті жүз, сегіз жүз килограммға дейін өнім алуға болады.


Түркістан облысының кәсіпкері 20 отбасыға көмектесті
Түркістан облысында Алматы апорты өседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу