Түркістан облысында Алматы апорты өседі

Oinet.kz 21-08-2021 335

Screenshot_4.jpg

Түркістан облысында алма шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Өңірдің таулы аймақтары алма бауын өсіру үшін өте қолайлы. Сондай ауасы таза тамаша климатты Төлеби ауданын Алматы апорты да жерсіне бастады.

 Таудың баурайындағы Қасқасу елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Ержан Жамбаев 19 гектар жерге 4 мың 500 түп Алматы апорты алмасын өсіруді қолға алған. 

Бұрын Алматы қаласы әлемге апорт алмасымен танымал болған. Исі жұпар аңқыған, дәмі тіл үйірер жеміске деген сұраныс артпаса, еш кеміген емес. Кәсіпкер алма бауын өсіру үшін мемлекеттен берілетін көмекке жүгініп, субсидия алған. Бүгінде жергілікті төрт тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып, еңбекақыларын төлеп отыр. 

– Қарқынды алма бауын өсіру үшін алғашқы жылы 7 гектар жерге 4.2 млн. теңге, келесі жылы 11 гектар жерге 7 млн. теңге субсидия алдым. Алматы апорты Қазақстан бренді болғандықтан алманың осы сортын таңдаған едім. Апорт өте дәмді алма және сұранысқа ие. Алманы күтіп баптау жұмысы да оңай емес. Жемісті уақытылы дәрілемесең, көшеттер өспей қалуы да мүмкін. Апорт алмасы тек жеті жылдан кейін өнім береді. Құдай қаласа, күтімі дұрыс болса, бабаы келіссе, он екі, он үш жылдан кейін бір түптен жеті жүз, сегіз жүз килограммға дейін өнім алуға болады, – деді Ержан Жамбаев. 


Төлеби ауданында 400-ден астам гектарда қарқынды бау өседі
Түркістан облысында шаруаларға субсидия кедергісіз беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу