Құқық бұзушыларға тиісті шара қолданылды

Oinet.kz 26-09-2021 729

Screenshot_23.png

Шымкент қаласы Полиция департаменті ағымдағы жылы қыркүйек айының 11-17 күндері аралығында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары алкогольдік ішімдікті қоғамдық орында ішіп жүрген 40 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  440-бап. (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. 

Сондай-ақ Еңбекші ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған 61 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  434-2-бап. (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) бойынша әкімшілік хаттама толтырған. 

Ел тыныштығын күзеткен мамандар сонымен қатар абаттандыру қағидаларын бұзған 168 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. 

Осы орайда, Шымкенттік полицейлер қала аумағында тәртіп бұзбауды сұранады.


Адам саудасына жол жоқ
Жастар мәселесі басты назарда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу