Адам саудасына жол жоқ

Oinet.kz 26-09-2021 701

Screenshot_22.png

 Шымкент қаласында 2021 жылдың 19-24 қыркүйегінде «Стоп-траффик» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Іс шараның негізгі мақсаты - жеңгетайлыққа, адам саудасына және басқа да құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстарды ашу және алдын-алу, ескерту болып табылады.  

Іс шараны өткізу барысында Қазақстан Респкбликасы Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен жалпы 4 дерек, ал Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 449-бабы (қоғамдық орында тиісу) бойынша 7 дерек және 450-бабы (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша 2 дерегі анықталып, әкімшілік хаттама түзілді.

 Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері барысында Үкіметтік емес ұйым  «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе отырып, адам саудасы, сексуалдық қанау және мәжбүрлі еңбек фактілерін анықтау, адамдарды қанау үшін адамдарды тарту, ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ашу, болдырмау, алдын алу, жолын кесу мақсатында шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда, қыстауларда, шалғайдағы учаскелерде, құрылыс объектілерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының полицейлері адам саудасына және жеңгетайлыққа байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Креативті жобалар бойынша форум-көрме басталды
Құқық бұзушыларға тиісті шара қолданылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу