Жастар мәселесі басты назарда
Президент Қ.Тоқаев «Біздің елде ождан бостандығы Конституцияда көрсетілген, бірақ Ата заңымызда Қазақстанның зайырлы мемлекет екені жазылған. Құдіреті күшті Жаратқанға деген терең сенім азаматтарымыздың, әсіресе, жастарымыздың рухани кемелдікке жетуіне ықпал етуі тиіс. Бірақ бәрі риясыз болуы қажет. Жастар қозғалысының барлық шаралары бір мақсатқа жұмылуы шарт. Белгі қою үшін емес, нақты істерге, бағыттарға арналуы тиіс. Жастардың нақты проблемаларын шешетін қоғамдық бастамалар, жобалар керек",- деп басшыларға жастар мәселесіне жіті көңіл бөлу керектігін тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Шымкент қаласында Абай аудандық «Жастар ресурстық орталығының» бөлімшесі ашылды. Жұмысын бастап кеткен рталықтың бірінші қабатында жастарға қызмет көрсетіледі. Екінші қабаты релакс зона және коворкинг алаңына арналған.
Ал,үшінші қабатта психологиялық жеке қабылдау тезисттік зал бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Бөлімшені аралаған аудан басшылығы белсенді жастардың ұсынысын тыңдады. Алға қойылған жоспарлар бар. Көпшілік шоғырланатын жерде Street Workaut алаңшаларын ашу керектігін алға тартты. Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын спорт түрлеріне тегін қатысуына жағдай жасау керек дейді.