Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығңын арттыру маңызды
Шымкенттік полицейлер «Жасөспірім» іс шарасы барысында оқушыларға сабақ өткізді Іс шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығңын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу болып табылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кәмелет жасқа толмағандар жөніндегі мектеп инспекторы полиция лейтенанты Б.Нысанбеков қаладағы №31 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында сабақ өткізді. Онда оқушылардың сабаққа толығымен қатысуын және түнгі уақытта ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалау мақсатында ойынханалар, мешіттер, көңіл көтеретін орындарға рейд жүргізілетіні айтылды. Жасөспірім балалардың туыстарына айтпай, үйден жыраққа шығып кету жайттарының соңы баланың жоғалуына әкеп соғуда.
«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің қылмысқа баруының негізгі себебі – олардың нақты бір мақсат-мүддесінің жоқтығы. Бұл тұрғыда ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігін де айта кету керек», - дейді ювеналды полиция өкілдері.