Б.Батыршаев: Тұрғындардың мәселесі бірінші кезекте орындалуы тиіс

Oinet.kz 15-09-2021 441

4.jpg

Ордабасы ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Бағлан Батыршаев партияның аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қабылдауға келген азаматтар өз ауылдарындағы инфрақұрылым, жұмыссыздық, коммуналдық тұрғын үй, ортақ жайылым, экология мәселесін көтерді. 

Аудан басшысы тұрғындардың мәселесімен толық танысып, түйіткілдің оңтайлы шешілу жолдарын талқылады. 

Кездесу барысында шұбарсулық жұмыссыз азаматқа ауылдық округте жұмысқа орналасуына қолдау көрсетіліп, Ықыластемір ауылындағы тұрғынның өтініші бойынша ауылдағы ішкі орамдық көше жарықтандырылатын болды. 

Сондай-ақ, Бағлан Дәнебекұлы ауыл тұрғындарының наразылығын тудырған «Модуль» зауытының жауаптыларына өндіріс барысында экологиялық талаптарды сақтауға шақырды. Өз кезегінде кәсіпорын басшысы бұл ескертуден нәтиже шығатындығын айтып өтті.

Жеке қабылдауда көтерілген өтініш-тілектер бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен салалық бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Өз сөзінде аудан әкімі «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттар бойынша әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін Мәслихат депуттарымен бірлесе отырып, бірқатар жұмыстар атқарылатын жеткізді.


Жүгеріге орақ түсті
Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығңын арттыру маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу