Жүгеріге орақ түсті

Oinet.kz 16-09-2021 597

3.jpg

Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығы да, өнеркәсібі де дамыған аудан. Әсіресе, аудан шаруалары арасында мол өнім алу үшін   тың технологияларды қолданушылар көп. Қазір аудан дихандары күзгі жиым-терім науқанын қызу бастап жатыр.

Аудандағы  Бөген ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары күзгі жүгері орымына кірісті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінде алқаптан алынған дәнді дақыл аудандағы ірі өндіріс ошақтарымен түзілген меморандум аясында қамбаларға жеткізілуде. Ал, жекелеген шаруалар дайын өнімдерін тиімді бағада саудалауда.

Биылғы ауыл шаруашылық дақылдарының түсім көрсеткішін есептеу үшін аудандық статистика басқармасының басшысы Манзура Шәмшидинова жүгері алқаптарын аралап, шаруалармен кездесті.

Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Әбілда Әлібековтың мәліметінше ауданда 9692 гектар аумаққа дәндік жүгері дақылы егілген. Осы уақыт аралығында жүгерінің 4697 гектары орылып, гектарына 120,0 центнерден жалпы 56364 тонна өнім жиналған.

Күзгі дала жұмыстарына 22 бірлік техника 102 тіркемесімен тартылып, 70 шақты азамат дақыл ору науқанына жұмылдырылған. Жүгері жинау науқаны әлі де жалғасын табуда.

Нарық заңдылықтарына сәйкес дәндік жүгерінің бір келісі 100 теңгеден сатылуда.


Тұрғындар онлайн санақтан өтуде
Б.Батыршаев: Тұрғындардың мәселесі бірінші кезекте орындалуы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу