Мақтааралдық кәсіпкерлер қайырымдық жасады

Oinet.kz 01-09-2021 709

Screenshot_2.jpg

Әрбір қазақстандық бір-біріне қайырымды болғаны абзал. Дүниеде мейірім болған жерде жамандық болмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында адамдарды қайырымдылыққа үндеп, жақсылық жасаудан жарысу керектігін айтқан болатын. Әсіресе туған жерге перзенттік парызын өтеуден қашпау керектігі нықтап айтылды. 

Осы орайда Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ауданның жомарт кәсіпкерлері мен тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданына 10 тонна гуманитарлық көмек жіберді. 

Бүгін азық-түлік тиелген жүк көлігі Байзақ ауданына жетіп барып, жергілікті әкімдік тарапынан ұйымдастырылған орталық қоймаға орналастырылды. Аталған көмек төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға үлестірілетін болады. Жергілікті жауапты басшылар келген көмектің есебін алып, қиын сәтте қол ұшын созған мақтааралдықтарға шексіз алғыстарын жаудырды. 

"Өткен жылы Мақтаарал ауданында су тасқыны орын алған кезде ең алғаш болып Жамбыл облысынан көмек келген болатын. Сонымен қатар, барша ел-жұртымыз біздің ауданға тоқтаусыз көмектерін жіберіп отырды. Сондықтан, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орын алған жағдай бойынша үй-күйсіз қалған отандастарымыздың тағдыры бізді алаңдатып, гуманитарлық көмекті алғашқылардың бірі болып алып келуге себепші болды" - деді "Біз біргеміз!" ұранымен жүк көлікті бастап келген "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Сүндет Кенжебаев. 

Айта кетейік, гуманитарлық көмекті ұйымдастыруда өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен Өргебас, Фердауси ауылының тұрғындары және ауданның кәсіпкерлері белсенділік танытты. Негізінен жүк көлігіне макарон өнімдері, май, күріш, қант, қарақұмық, жеңіл дайындалатын тамақ өнімдері, тәттілер және минералды сусындар тиелген болатын. 

Батыр баба рухына арнап бюст қойылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Мақтааралдың жай-күйімен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу