Оқушылар Абай рухына тағзым етті

Oinet.kz 10-08-2021 624

Screenshot_2.jpg

Қазақтың ұлы ақыны, терең ойшыл философы Абай Құнанбайұлының жарық дүниеге келген 10 тамыз республика үкіметінің өткен жылғы қаулысымен «Абай күні» болып бекітілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаларды өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы бойларында туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру керектігін айтқан болатын.

Осы орайда бүгін Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округінің орталығы Ш.Қалдаяқов ауылындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен хәкім атамыздың туған күніне орай Абай атындағы жалпы орта мектебінде мазмұны зор айтулы іс-шара болып өтті. Шарада ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылып, келген қонақтарға жете таныстырылды. Ұлы ақынның құрметіне орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімі  аппаратының басшысы Айдос Мәулен мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жорабек Олжатай Абай атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бастарын иіп, тағзым етті. Мазмұнды ұйымдастырылған іс-шарада ақын атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Айсәуле Іргебай ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», 9 сынып оқушысы Аружан Молдабек «Күз» өлеңдерін шабыттана, рухтана оқып, жиналған көпшілікті сүйсіндірді.

«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы» деп ұлы ақынның өзі атап көрсеткеніндей данышпанның әрбір сөздің арасын бөгде, бөтен сөзбен былғамай, сөз патшасы өлең жолдарымен қиыннан қиыстырған асыл сөздері бүгінгі ұрпаққа әрқашан үлгі-өнеге бола берері сөзсіз.

Отырарда Шәмші рухына құрмет көрсетілді
Батыр баба рухына арнап бюст қойылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу