Елбасы «Шаңырақ» миниатюрасын тамашалады

Oinet.kz 12-05-2021 574

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес. Біз Тәуелсіздік кезеңінде бұл бағытта бірнеше ауқымды іс атқардық. 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырттық» - деп атап, тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды жаңғырту басты міндет екенін ескертті.

image.png

Осы орайда Елбасы Театр әлеміндегі рухани жаңғырудың көрінісі болып саналатын Музыкалық драма театрының ашылу салтанатына қатысып, түркі халықтарының тарихы мен тұрмыс-тіршілігінен көрініс беретін "Шаңырақ" миниатюрасын тамашалады. Сондай-ақ, теар әртістерімен сұхбат құрып, құрметті қонақтар кітабына естелік жазбасын қалдырды. 

Елбасы жиын барысында Түркістанның бүгінгі көрінісі адам танымастай өзгергенін тілге тиек етті.

– Түркістан қазіргідей жаңғыруды бұрын-соңды басынан өткізіп көрген емес. Танымастай болып өзгерді. Бұл жер қазақстандықтар үшін ғана емес, барлық туристер үшін де бірегей мекенге айналады. Сондай-ақ, инвестициялық және туристік жобаларды, сондай-ақ қаланың және тұтас өңірдің тұрғын үй мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы жоғары. Қалада жаңа жұмыс орындары ашылуда, жастарға мол мүмкіндік жасалып жатыр. Туризм университеті бой көтерді, бүгін тамаша театрдың тұсауы кесілді. Бұл шын мәнісінде айтулы оқиға – деді Елбасы.

Аталмыш шараның соңында Елбасы қала мен өңірдің негізгі даму нәтижелері туралы сөз қозғады.

Елбасы интерактивті "Этноауылды" аралады
Елбасы озық технологиямен жабдықталған көпфункциялы білім беру кешенін аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу