Елбасы интерактивті "Этноауылды" аралады

Oinet.kz 12-05-2021 581

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында: "Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз" - депа атап, тарих қойнауында жатқан сырлы кезеңдерге, бабалар аманатына құрметпен қарауымызды тапсырады.

этноауыл.jpg

Елбасы Түркістан қаласына жасаған сапары барысында қазақ тарихының негізінде, көшпенділер салты мен дәстүрінен сыр шертетін, ортағасырлық тұрмыстан көрініс беретін «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорығының аумағында орналасқан интерактивті Этноауылға барды. Этноауылдағы қолөнершілер көшесін аралап, ағаш ұсталарының, тоқымашылар мен киіз басушылардың, сондай-ақ, қыш бұйым жасаутын шеберлер, зергерлер мен тас қашаушылардың 5 түрлі тақырыпты қамтыған шеберханасымен танысты. Сонымен қатар, Елбасы осында орналасқан көшпенділер асханасына да ат басын бұрды. 

Елбасы «Яссы» ботаникалық бағының даму жоспарымен танысты
Елбасы «Шаңырақ» миниатюрасын тамашалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу