Ұлттық құндылықтар ұлт мәдениетінің қайнар көзі

Oinet.kz 17-05-2021 868

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет» - деп атап ұлттық мұраға құрметпен қарау керектігін ескертті. 

186585696_4078137335565809_6971488385817991521_n.jpg

Осыны негізге ала отырып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік нұрына бөленген Отырар» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараның негізгі мақсаты еліміз егемендігін алған 30 жылда Отырар даласында орын алып жатқан оң өзгерістерге шолу жасау. Сондай-ақ, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің жетістіктерін талқылап, Отырар өңірінің тарихи-мәдени ескерткіш орындарында, Көне Отырар қалажұртында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері мен туризмді дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қаншалықты қарқын алып жатқанын бақылау. 

Шарада сөз алған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі директорының ғылым ісі жөніндегі орынбасары, археолог-ғалым Серік Шәймерденұлы қазіргі таңда музейде атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы баяндады.

хх.jpg

- Бүгінгі жиынның басты мақсаты Отырар қорық-музейінің кейінгі 30 жылдағы жұмыстарына есеп беру. Тарихи құндылықтарымызды сақтау, қорғау, жаңғырту, насихаттау жұмыстары — музей қызметкерлерінің басты міндеті екендігін ескере отырып, оны өскелең ұрпаққа аманаттау біздің басты парызымыз екендігін үнемі жадымызда ұстау – деді Серік Шәймерденұлы. 

Аталмыш іс-шара ҚР Журналистер одағының мүшесі, қаламгер Файзулла Рахматулланың «Ұлы даланың тұғырлы тұлғалары» атты кітабының тұсаукесеріне жалғасып, Темір ауылдық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды. 

187650021_4078138008899075_8256408088483876377_n.jpg

Ордабасы төрінде ұлттық дәстүр қайта жаңғырды
Ясауи кесенесінде түпнұсқа жәдігер тарихи тұғырына орнатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу