Ясауи кесенесінде түпнұсқа жәдігер тарихи тұғырына орнатылды

Oinet.kz 19-05-2021 585

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: "Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді" - деп айтып, ұлттық жәдігерлерімізді сақтау басты міндетіміз екенін атап көрсетті.

аспалы шырағдан.jpg

Осы орайда, Түркістанда 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының алдына ортағасырлық аспалы шырағдан орнатылды. Аталмыш шырағдан ХVI ғасырға тән түпнұсқа жәдігерлердің бірі. Бұл туралы жиын барысында сөз алған "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов айтты.

- "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі әрбір бөлменің өзіндік тарихи қызметін жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Халықаралық музейлер күніне орай қорық- музей қорындағы ХVІ ғасырға тән құнды да түпнұсқа жәдiгерлердiң бiрі аспалы шырағданды тарихи тұғырына орнатып отырмыз. Шырағдан кезiнде Қазандық бөлмесiнiң солтүстiк ойығы астында, Қабырханаға кiре берiстегi арканың ұшында iлулi тұрған",- деді "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Н. Ахметжанов.

187226920_1939757839514188_8056407067165471771_n.jpg

Тұрпаты құмыра тәрізді болып келген аспалы шырағдан мұнда ХVI ғасырда ілінген. Одан кейін, 1993-1999 жылдар аралығында кесенеге жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде төмен түсіріліп, жан-жақты талдап-зерттеу жұмыстарына тапсырылған. Сырты қарақошқылданып кеткен шырағданды оған дейін ешқандай зерттеушілер де, кесененінң діни қызметкерлері де орнынан қозғап көрмеген. Аспалы шырағданның бүйірінде үш жерінен іліп қоюға арналған шынжырлар бекітілген, ілмегі бар. Ілмек – Қазандық бөлмесінің Қақпа есігінің балғашаларындағы жануар бейнесін қайталайды. Осы үш шынжыр жоғары көтерiлiп бiр дөңгелек метал пластинаға бекiтiлген де ары қарай ойық ұшына iлiнетiн iлмекпен аяқталған.

Сондай-ақ, бүйiрiнiң бiр шетiнде өрнектеп парсы тiлiнде жазылған тарихи маңызды жазулары бар: Аудармасында: Әулиелердің сұлтаны, тақуалардың дәлелі, Қожа Ахмет Ясауи. Бұл аспалы шырақты Хажжаж ибн Уаққас Сайрами арнайы Сұлтанның [Қожа Ахмет Ясауи] кесенесіне уақф ретінде сыйға тартты – делінген.

187810927_1939757862847519_7564922163599364627_n.jpg

Ұлттық құндылықтар ұлт мәдениетінің қайнар көзі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде хан көтеру рәсімі өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу