Туған жерді түлетуге жастар да белсенді ат салысуда

Oinet.kz 20-04-2021 774

Әрбір азамат өзінің туған жерін түлетуге күш салу керек. Себебі ауылына қарап азаматын тануға болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында жан-жақты айтылған. Ауылды дамыту - перзенттік парыз. Әрбір адам - туған жерінің перзенті. Өзін "өсіріп, бағып-қаққан" ауылға құрмет көрсету - азаматтық парыз. 

175655364_468198514387480_1405475045454169498_n.jpg

Бүгінде перзенттік, азаматтық парызын орындап, ауылына көңіл бөліп жүрген кәсіпкерлердің, белсенді жастардың көптігі қуантады.

Нұрсұлу Әбдіәшім есімді бойжеткен 2017-2018 жылдың Республикалық "Жомарт жүрек" сыйлығының "Ерен еріктілік" номинациясы бойынша жеңімпазы атанды. Нұрсұлу Әбдәшім бастаған еріктілер тобы Шолаққорған ауылындағы 13 аз қамтамасыз етілген отбасыға 1 айлық азық-түлік себеті көлемінде көмек көрсеткен. Мүмкіндігі шектеулі 5 жасар Томирис атты қызға қаржылай көмек көрсету мақсатында кино-түнін өткізіп, одан түскен қаражатты халық алдында оның анасына табыстаған. Сонымен қатар, жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып үй шаруасына қолғабыс көрсеткен. Тұрмысы төмен 10 отбасыға көмір таратып берген. «Жылуыңмен бөліс» акциясын ұйымдастырып, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына киім таратып берген.

Туған жерінің халқының әлеуметтік жағдайына алаңдап, мұқтаж жандарға қолдан келгенше көмек беріп, қол ұшын созған осы бойжеткеннің ісі көпшілікке үлгі болды.

Ақсақалдар облыс орталығын абаттандыруды қолға алмақ
Кәсіпкерлер перзенттік парызын өтеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу