Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі

Oinet.kz 25-09-2024 776

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан қаласы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен  2024 жылдың шілде айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланған №12814785-1 «Түркістан облысы Түркістан қаласы көшелерін орташа жөндеу А.Бөкейханов көшесі 0-1,55 шқ; Алтынбеков көшесі 0-1,6 шқ; Алимтау көшесі 0-1,12 шқ; Ерманкулов көшесі 0-0,42 шқ; Акорда көшесі 0-1,6 шқ жұмыстарының техникалық қадағалау қызметтері» мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамаға әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.  

Screenshot_19.jpg

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша ҚР 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» (бұдан әрі - Қағида) 11 тармағына сәйкес, «мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мынадай мәліметтерді қамтиды:

       1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды; 

       2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;

       3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;

       4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;

       5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;

       6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.», делінген талаптары сақталмағаны анықталған.   

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан қаласы әкімдігінің "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Е.Әміреқұл,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы 

Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
«Бәйшешек» спорттық-сауықтыру кешені
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу