«Бәйшешек» спорттық-сауықтыру кешені

Oinet.kz 25-09-2024 752

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен 2024 жылдың маусым айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №12622521-1 «Тас көмір» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген. 

Screenshot_20.jpg

Камералдық бақылау нәтижесі Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 38 бабы 2 тармағында «Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде негізсіз әлеуетті өнім берушілерге «Шубаркольский» болуы қажет делінген талабы қойылғандығы анықталған.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Б.Бегімбетов,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы

Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі
Шымкентские врачи на страже здоровья матери и дитя
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу