Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Oinet.kz 25-09-2024 766

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен  2024 жылдың қыркүйек айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына ашық конкурс тәсілімен жарияланған №13029080-1 «Түркістан облысы Шардара ауданы, Қ. Тұрысбеков ауылдық округінің Шардара ауылындағы Я. Мырзабаев, Т. Кенесариев, Абай, Ақшағала, Ғ. Мұратбаев көшелерін орташа жөндеу» мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамаға әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Screenshot_18.jpg

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» (бұдан әрі - Қағида) 73 бабы 1 тармағына сәйкес, «әлеуетті өнім берушінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарға арналған конкурсқа қатысуға өтінімінің бағасы, егер ол көрсетілген техникалық құжаттаманың бағасынан бес пайыздан артық болса, демпингтік болып танылады» делінген талаптары сақталмағаны анықталған.   

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» Қағидаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

Е.Әміреқұл,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

бас маманы

Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты
Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу