Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты

Oinet.kz 25-09-2024 1210

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан "Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен 2024 жылдың шілде айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №71176160 «Қауіпті емес қалдықтарды/мүліктерді/материалдарды шығару (жинау) бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Screenshot_17.jpg

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша "Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 50-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, "Қазығұрт ауылы округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

К.Бегайдаров,

Түркістан облысы облысы бойынша 

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 

жетекші маманы

Бадам ауыл округі әкімі аппараты
Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу