Кәсіпорынның қызметкерлеріне төленген сыйлық ақыға жүргізілген аудит нәтижесі
Кәсіпорынның қызметкерлеріне төленген сыйлық ақыға жүргізілген аудит нәтижесі
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Абай» Келес аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2021 жылы қызметкерлерге сыйлық ақы (премия) ретінде төленген қаржылардың заңдылығына аудиторлық іс-шарасы жүргізілген болатын.
Кәсіпорын тарапынан 2021 жылы қызметкерлерге сыйлықақы тағайындау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 тамыз 2001 жылғы №1127 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының» 4-тармағы сақталмай, алынбаған тәртіптік жазалары бар және сынақ мерзіміндегі қызметкерлерге сыйлықақы тағайындағандығы, тағайындалған сыйақы көлемінен қызкетлерге жалпы 33 923,8 мың теңге төленгендігі анықталды.
Сондай-ақ, еңбек шарты бұзылған (жұмыстан босаған) екі қызметкерге сыйлықақы 554,7 мың теңге сыйақы төленгендігі анықталды.
Аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін Кәсіпорынның үш қызметкеріне «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аудит объектісіне бюджетке 34 478,6 мың теңге сомасын өтеу туралы Нұсқама жолданды.
Қаржылық есептілік аудиті
бөлімінің бас маман-мемлекеттік
аудиторы А. Айменов