Түркістан облысының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы»
Түркістан облысының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген аудит нәтижесі
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабының және 18-бабының 5-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның жазылған арызы негізінде Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында арыздағы мәселелер бойынша аудиторлық іс-шара жүргізді.
Нәтижесінде 8 989,4 мың теңге сомасында қаржылық анықталды. Оның ішінде 1235,0 мың теңгесі кінәлі лауазымды тұлғалардан есебінен және өінм берушіден тауарларды жеткізу жолымен 7 754,4 мың теңге қалпына келтіруге жатады. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 767,2 мың теңге сомасында анықталды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аудит объектісіне еңбек ақы бойынша есептелген 431,6 мың теңгені және 3941 литр жанар-жағармай материалының (бензин) сомасы 803,4 мың теңгені кінәлі лауазымды тұлғалардың есебінен қалпына келтіру, 7 754,4 мың теңгені құрайтын тауарды техникалық ерекешелікте көрсетілген сипаттамаларына сәйкес жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша Нұсқама жолданды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10-бөлігімен кәсіпорнының лауазымды тұлғасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Мемлекеттік аудит объектісі 14.11.2023 жылы №01-01-05/530 шығыс хатымен нұсқаманың орындалғандығын хабарлады. Яғни, 1235,0 мың теңге кінәлі лауазымды тұлғалардан есебінен және өінм берушіден тауарларды жеткізу жолымен 7 754,4 мың теңге қалпына келтірілгендігін бойынша дәлелді құжаттарын жолдады.
Анықталған бұзушылықтарға жол бергені үшін бір қызметкерге «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
Қаржылық есептілік аудиті
бөлімінің бас маман-мемлекеттік
аудиторы А. Айменов