Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

Oinet.kz 20-12-2023 10654

Тексеру нәтижесінде бұзушылықтар анықталды

Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалында Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді. 

Аудиторлық іс-шарамен 2022 жылы 254 «Су қорын тиімді басқару» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Су берумен байланысты емес трансшекаралық және республикалық су шаруашылығы нысандарын пайдалану және олардың техникалық жағдайына мониторинг жүргізу» кіші мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 644,8 мың теңге қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 726,8  мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет кодексінің 97 бабы 6-1 тармағының талаптары сақталмай, төлем тапсырмаларын табыс етудің заңдылығы мен негізділігі, жасалған операциялардың дұрыстығы қамтамасыз етілмей, «ҚазСуШар» РМК-ның «Су метрология» филиалына 20 су бекеттеріне 726,8 мың теңге төленген.

Филиалға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберіліп, анықталған 726,8 мың теңге қаржылық бұзушылық бюджетке өндірілді.

Сәйкестік аудиті бөлімінің

бас маман-мемлекеттік аудиторы А. Киикбаев

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамаларының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі
Түркістан облысының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу