Полицейлер мүгедектікке шығарып беремін деп алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады

Oinet.kz 16-06-2022 821

Screenshot_2.jpg

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Орта жастағы әйелдің айтуынша, оны танысы мүгедектікке шығарып беремін деп алдап кеткен. Сеніміне әбден кірген алаяқ одан 100 000 теңге ақша алған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Күдікті ретінде жұмыссыз жергілікті тұрғын анықталып ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікті әйел адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарға алаяқтың құрбаны болмауға шақырады.  Сенімсіз, күмәнді  қызмет ұсынатын адамдарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер де, сіз, алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер бассейнге барған әйелдің ұялы телефонын ұрлаған жас қызды ұстады
Полиция династиясын жалғаған, әке жолын қуған ерлі-зайыпты капитандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу