Ауыл шаруашылығын дамыту – ел экономикасының маңызды бағыты

Oinet.kz 27-11-2026

«Әділет» партиясының өкілдері Ордабасы ауданына қарасты Ұялыжар ауылындағы «Бакжан АйтНур» шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылады.

Screenshot_4.png

Кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басымдықтар, ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру және еңбек адамдарының жағдайын жақсарту мәселелері қозғалды. Партия өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген экономиканы әртараптандыру, отандық өндірісті өркендету, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарына тоқталды.

Әңгіме барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға айрықша мән берілді. Партия өкілдері ауыл шаруашылығының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін атап өтіп, отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету, заманауи технологияларды енгізу және шаруашылықтардың жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті жандандыру мен тұрақты жұмыспен қамту мәселелері сөз болды. Шаруа қожалықтарының дамуы жергілікті тұрғындар үшін табыс көзін қалыптастырып қана қоймай, ауыл экономикасының нығаюына және ішкі нарықтың сапалы отандық өніммен қамтылуына ықпал ететіні айтылды.

Жиында ел алдында тұрған міндеттерді орындауда ауыл еңбеккерлерінің үлесі ерекше екені де атап өтілді. Өйткені ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі мен саланың тұрақты дамуы тікелей еңбек өнімділігіне, жауапкершілікке және шаруалардың мүмкіндіктеріне байланысты.

Кездесу соңында шаруа қожалығының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Партия өкілдері айтылған пікірлерді тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар мен ел дамуының басым бағыттарын халық арасында талқылаудың маңыздылығына тоқталды.

Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен өзекті мәселелерін назарға алуға мүмкіндік береді.

Өндірісті қолдау – өңір экономикасын дамытудың негізгі тетігі
Сауран ауданында әлеуметтік саланың өзекті мәселелері талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу