Ағылшын тілін үйренудің артықшылығы
Ағылшын тілін жылдар бойы үйреніп, оны бір азап, қиын сынақ ретінде қабылдаймыз, бірақ біз жаңа тілді үйренуді өмірдегі жаңа мүмкіндік ретінде қарастыра аламыз.Әлемдегі сөйлеушілер саны бойынша «бірінші», ал ана тілі болып табылатын адамдар үшін «үшінші» орында тұратын дәл осы - ағылшын тілі.
Біз жаһандану заманында өмір сүріп жатқандықтан, көп тіл білу, оның ішінде халықаралық тілді жетік меңгерудің маңызы зор.
Ағылшын тілі- қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Сонымен ағылшын тілін үйренген адамдар үшін бұл шет тілін үйренудің қандай артықшылықтары бар екенін тізбектейік.
- Сіз, ақпаратты бастапқы көзден таба аласыз және ақпараттың ауқымды көлеміне қол жеткізе аласыз.
- Әлемнің әр түрлі елдеріне емін-еркін саяхаттай аласыз.
- Бүкіл әлем бойынша жаңа достар таба аласыз және сан алуан елдердің мәдениетімен, тыныс-тіршілігімен таныса аласыз.
- Еуропалық немесе американдық университеттердің магистр дәрежесін ала аласыз.Тіпті, көптеген бағдарламалар бойынша шетелдік жұмысқа орналаса аласыз. Жалғыз шарт, ол- ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру.
- Біреудің аудармасынсыз, фильмдер мен телебағдарламаларды түпнұсқада тамашалай аласыз.
- Шетелдік сайттардан зат сатып алу барысында қиындықтар туындамайды.Қалаған затыңызды бәсекеге қабілетті бағамен арзанға, оңай табасыз.
Біздің қоғамдық өміріміздің барлық саласында дерлік шет тілінің қарым-қатынас құралы ретіндегі, ол білім беру саласы болсын, зерттеуші-ғалымдардың тағылымдамасы болсын, туризм, кәсіпорындар және басқа да мәдениетаралық байланыстарда болсын тіл білудің артықшылығы басымдыққа ие. Неліктен ағылшын тілі соншалықты маңызды? Әлемдегі әрбір бесінші адам ағылшын тілінде сөйлейді немесе кем дегенде түсінеді.Сіздің трансұлттық компанияда жақсы жұмысқа орналасу немесе шетелде жұмыс істеу мүмкіндігіңізді арттыратын тағы бір маңызды себеп осы тілді жетік меңгергеніңіз! Ағылшын тілі-бизнес тілі, қызметкерлердің басқа шет елдердегі клиенттермен келіссөздер жүргізуі ағылшын тілінде жүзеге асады. Оның маңыздылығы сіздің мансабыңызды көтеруге көмектеседі.Сондықтан, оны оқуды қазірден бастаңыз!
Алима Самет,
Шымкент қаласы тілдерді оқыту-әдістемелік
орталығының ағылшын тілі оқытушысы