Орыс тілінің қәзіргі таңда қоғамдағы орны.
Орыс тілі – әлемдегі ең көп таралған тілдердің бірі болып саналады. 260 млн адам осы тілде сөйлеп, бұл көрсеткіш бойынша әлемде 6-шы орында тұрады.
Европадаға ең көп таралған тіл болып саналады.Орысшаны оқып, орыстанып, қазақ тілін ұмытып кетесін деген оймен мүлдем келісе алмаймын.Тікелей өзім туралы айтар болсам мен Шардан Арайлым Қонысбекқызы қазіргі Түркістан облысы, Арыс қаласында туып өстім. Орысшаны Қарағандыға ЖОО-ға түскен соң үйрене бастадым. Орыс тілін меңгерген соң, осы тілдегі программирование кітаптары мен курстарын оқуға мүмкіндік ашылды.Маған тікелей үйренуіме септік болған өмірде орыс тілінің қолданыста болуы.Осы білімдердің арқасында,қәзіргі таңда «Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының» орыс тілі пәнінің мұғалімімін. Жұмыс тәжірибем айтарлықтай болмасада 3 мекеменің тіл үйренуіне себепші болдым деп айтуға болады. Оның ішінде 3 ай бойы оқыған «А.П.Чехов атындағы № 21 жалпы орта білім беретін мектептен» 24 мұғалім, «Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінен» 11 маманнан 6 маман, «М-Нұрдана бөбекжай-бақшасынан» 10 қызметкерден 8 қызметкер , емтихан тапсырып сертификат алды. Жәнеде барлық қызметкерлер орфоэпия және орфография бойынша едәуір ақсап, дұрыс ойын жеткізе алмау себептері бар екенін айтып,сонымен жұмыс жасауын өтінді.
Тіл мәселесі қазақ арасында көп талқыланатын, өзекті мәселелердің бірі. Орыс тілі – Қазақстанда тіл иелері бойынша екінші орында, сөйлей алатындар саны мен таралу жағынан бірінші орында тұр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабының екінші тармағына сай, бұл тіл мемлекеттік тілмен қатар мәртебеде болып саналады. Орыс тілін оқыту мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірі болып, 11-ші сыныпқа дейін оқытылады. ЖОО бағдарламаларында да, кез келген мамандық студенттері орыс тілін оқып, осы пәннен емтихан тапсырады.Тіптен тек қана мектеппен жоғары оқу орнында емес, қалалық тіл орталығында орыс тілін үйренгісі келетін кез келген жастағы азаматпен азаматшаға, кез-келген ұлт өкілдерінеде оқуға мүмкіндік береді.Әрине, бұл тұрғыдан қарайтын болсақ, орыс тілін оқу керек. Былайша айтқанда, ешқайда қашып құтыла алмаймыз.Бірақ мен бұл мәселеге басқа қырынан қарағым келіп тұр. Қанша жерден, орыс тілін мектептер мен университеттерде,тіл орталықтарында оқытса да, айналадаға адамдардың көбі осы тілде сөйлесе де, орыс тілін жақсы білмейтін, сөйлей алмайтын немесе орысша түсінбейтін азаматтарымыз жеткілікті.Мен қарастырып жатқан мәселе – өмір сапасын жақсарту үшін, білім мен ой-өрісті арттыру үшін, жұмыс дағдысын асыру үшін орыс тілі қажет пе?
Тарихи және географиялық жағдайға байланысты, қазақ халқы орыс халқымен бірнеше ғасырлар бойы тығыз байланыста. Бұған өкінгеннен еш пайда жоқ. Керісінше, осы жағдайды өз пайдамызға жаратқанымыз дұрыс. Енді осы байланысып қалған көршіміздің тілін үйрену, қазіргі заманда, пайдалы ма?
Кез-келген жаңа тіл үйрену адамға пайдалы:
1. Тіл үйрену – миды үлкейтеді. Гипокамп және ми қыртыстарын үлкейтеді
2. Альцгеймер синдромынан айырады. Қарапайым айтқанда, алжудан сақтайды
3. Музыкаға қабілетті арттырады
4. Көпмәселелікке әкеледі. Яғни бірнеше нәрсе жайлы бір уақытта ойлау және бір уақытта бірнеше затпен қатар айналысу қабілетін өсіреді.
5. Есте сақтау қабілетін жақсартады
Орыс тілін үйрену деп интернеттен іздейтіндердің саны көп екен. Бірақ, орыс тілін үйрететін сапалы материалдар табаалмайды немесе ақылы түрде онлайн сабаққа шақырады. Пайдасыз деп айта алмаймын, алайда біздің орталыққа келіп өтінім білдіріп ақысыз түрде офлайн білім алуға шақырамын. Мемлекет халыққа білім алуға барынша жағдай жасауда соны пайдаланып, қай тілді үйренгіңіз келеді? 3 тілді бағытта жұмыс жасалады қазақ,орыс,ағылшын тілдері бойынша. Келіп сапалы білім алыңыз!
Шардан Арайлым,
Шымкент қаласы тілдерді оқыту-әдістемелік
орталығының орыс тілі мұғалімі