Тіл үйренудің пайдасы
Адамдарда бала кезде тіл үйрену оңай, есейгенде өте қиын есте сақтау деген ойлар қалыптасқан. Сондықтан тіл үйренуге адамдар құлшыныс білдірмейді. Адам есейген сайын тіл меңгеру ғана емес, басқа да нәрселерді үйрену оңай болмайтыны рас.
Бірақ бұл «мүмкін емес» деген сөз емес. Ересектер тілді кез келген жаста үйрене алады, бұл үшін нақты мақсат, жүйелі жоспар, нәтижеге жетуге көмектесетін ерік-жігер, табандылық пен тәртіп ке¬рек. Оған қоса тілді үйренгенде күн¬де және бір уақытта оқығаныңыз, жат¬тық¬қаныңыз да өз әсерін тигізеді. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, тіл үйрену ешуақытта артықтық етпейді. Кітап бір тілден екінші тілге аударылған кезде, көп өзгеріске ұшырайды.Соның салдарынан көп адам оның құнарын байқамайды. Өзге тілді меңгеру арқылы сіз басқа әлемге енесіз. Оған басқаша көзқараспен қарайсыз. «Екі тілді білетін адам бір тіл білетін адамнан жоғары тұрады... Әр адам қаржысы мен жағдайы келсе, үш тілді үйренгені жөн; ана тілін, өзі тұратын мемлекеттің тілін және барлық халық үйренуге талпынатын тілді» Шет тілін үйрену барысында адам басқа бір ұлттың сөзін, сөйлем құрау тәсілдерін меңгеру арқылы оның ойлау жүйесіне еніп, рухани әлеміне қадам басады; жаңа бір халықтың ұлттық болмысын ашады. Шет тілінде сөйлеу арқылы сол ұлтша ойлайды; мұның өзі сол ұлтпен іштей жақындастыра түсетін болады. Тіл білуі барысында адамның қарым-қатынас жасау, әлеуметтену, білімін арттыру мүмкіндіктері екі-үш есеге дейін артады. Өйткені әр тіл - өзінше бір тұтас әлем. Сонымен қатар бірнеше тіл білетін адамдардың көкжиегі кеңейеді, әлемді аралау қиынға түспейді. Әрбір адам белгілі бір қоғамда өмір сүре отырып, сол қоғамның сұраныстарына, талаптарына сай өмір сүретіндігі белгілі. Тіл білу арқылы әлемде болып жатқан көп ақпараттар мен жаңалықтарды бірінші болып оқи аласыз немес ести аласыз Демек, тіл үйрену де адамның қоғамдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында туындайтын табиғи құбылыс екен. Соңғы кездердегі зерттеулер бірнеше тіл білетіндердің басқаларға қарағанда ұқыптырақ, ойын тез жинақтап айтуға қабілеттірек келетіндігін анықтап жатыр. Оның басты себебі адам бір тілден екінші тілге ойлауға көшкенде, оның миы ақпараттарды шапшаң реттеп, ең маңыздыларын тез іріктеп алуға машықтанады екен.
Тіл уйренгісі келген адам турлі тасілді карап көреді. Біреу курска
барып, грамматикадан бастайды.
Енді бірі арнайы сервистер аркылы уйден окиды.
Тілді өз бетімізше үйрену жолдарыына тоқталсақ:
Жаңа тіл үйрену үшін ол тілмен күнде айналысу керек. Әсіресе таңертеңгі уақыттар пайдалырақ болады. Уақыт жетпей жатса, тіпті 10-15 минут бөліп, бірнәрсе оқу керек немесе өткен сөздерді қайталау керек.Тілді үйренуде құлшыныс азаятын болса тез жалықпаудың жолдары.Мысалы музыка тыңдау және фильм қарау арқылы да жүзеге асыруға болады. Сөздерді бір-бірлеп жаттамаңыз. Мәтіндеп, яғни сөйлемдеп жаттауға тырысыңыз. Мысалы «strong wind», бір сөзді есіңізге түсіргенде екінші сөз өзі автоматты түрде келеді. Сөйлемдерді жазып жүрудің, және оларды көп қолдануға тырысудың пайдасы зор. Көрген нәрсеңіздің барлығын іштей аударып жүріңіз. Мысалы көшедегі жарнамалардың мәтіндерін, өлеңдердің сөздерін, газет мақалаларының тақырыптарын т.б. Бұл миды жаттықтырады, жатталған сөздер қолданыс таба бастайды.
Қолданыстағы фразеологиялар мен сөз тіркестерін де міндетті түрде жазып алып, жаттап алу керек. Қателіктен қорықпаңыз, түзетілмеген қателіктен қорқыңыз. Ешнәрсені тексерусіз қалдырмаңыз, үйренген нәрсеңіздің дұрыс екендігіне жақсылап көз жеткізіңіз.
Өз тарапымнан тағы бір нарсе қосқым келеді: Тілді мұғалім мен үйрену барысында көп уақытыңызды мұғалім сізді қалай оқытып жатқанын, қандай әдіс -тәсілдердер қолданып жатқанын талдауға жұмсамаңыз. Бұл сізге ешқандай көмек бермейді. Ұстазға сеніңіз,
Ұстаздың айтқанын қайталаңыз,
ұстазыңыздан асып тусуге
тырысыныз.
Қандай тілді оқысаныз да, тілді менгеру барысы сізді байта түсетінін ұмытпаңыз, сіздің ойыңыз өседі, жаңа білім, жаңа тәжірибе алып келеді, тұлга ретінде танымыңыз кеңейіп, айналаңызды жақсарта түсетініңізге күмән жоқ.
Хасен Ақерке,
Шымкент қаласы тілдерді оқыту-әдістемелік
орталығының ағылшын тілі мұғалімі