Әскери бөлімдегі қайғылы оқиға: Жамбыл облысында қарауыл бастығы қаза тапты
Жамбыл облысында әскери бөлімде кездейсоқ атылған оқ салдарынан қарауыл бастығы қаза тапты, деп жазады Оinet.kz.

«Хроника» мәліметінше, қайғылы оқиға 15 наурыз күні шамамен сағат 19:30-да 21742 әскери бөлімінің үшінші қарауыл бекетінде болған.
Ведомстволық күзет қызметінің азаматтық қызметкері 7,62 мм калибрлі СКС карабинінен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығын жаралаған. Зардап шеккен ер адам ауыр хәлде Гвардейский кентіндегі әскери госпитальға жеткізілген. Алайда дәрігерлер сағат 20:18-де оның қайтыс болғанын тіркеді.
Оқиғаға қатысқан екі адам да Қорғаныс министрлігінің ведомстволық күзет қызметінің азаматтық ерікті жалдамалы қызметкерлері болып табылады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ІІМ әскери-тергеу департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.


