Кино да жоқ, ақша да жоқ. Жан Байжанбаев жарнамалаған кастинг компаниясы күдікке ілінді

Oinet.kz 17-03-2026

Алматыда балаларға арналған кино жобасына кастинг ұйымдастыру кезінде алаяқтық жасалған деген күдік бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Ата-аналардың айтуынша, олар балаларын түсірілімдерге қатыстыру үшін ақшасын төлеген, алайда уәде етілген фильм жарыққа шықпаған. Кастингтер әлеуметтік желілер арқылы жарияланған. Қатысуға 7-ден 17 жасқа дейінгі балалар шақырылған. Ұйымдастырушылар таңдалған балалардың отбасыларына жобаға қатысу үшін шамамен 1,5 миллион теңге сұраған.

Ата-аналардың мәліметі бойынша, кастингтер еліміздің әртүрлі аймақтарында өткен. Кейбір қатысушылар арнайы чат ашып, жобадан туындайтын ықтимал шығындардың бірнеше миллиард теңгеге жетуі мүмкін екенін талқылаған. Сонымен қатар, ұқсас жобалардың жарнамалары қазіргі уақытта басқа атпен әлеуметтік желілерде жариялануда. Ата-аналар фильм шықпаған соң, ақшаларын қайтарып беруді талап еткен. Алайда бұл нәтиже бермеген. Себебі Алматыдағы компания офисі жабылған.

Жобаның жарнамасына елімізге белгілі актер Жан Байжанбаев түскен. Бірақ жарнамалық роликтерге қатысқан актерлер жобаны басқарумен байланысы жоқ екенін мәлімдеді. Студия өкілдері қаржылық қиындықтар барын және түсірілімді жалғастыруға ниет білдіргенін айтуда. Ақшаны қайтару мәселесі жоба іске аспаған жағдайда ғана қарастырылуы мүмкін.

Қазіргі таңда Полиция «Алаяқтық» бабы бойынша тергеу жүргізуде, компания қызметкерлері мен басшылығы сұралуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, шамамен 100 адам қосымша арыз түсіруі мүмкін. Ұйымдастырушылардың кінәсі расталса, оларға жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Референдум: Екі талап-арыз сотқа жеткен
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу