Қыз зорлау ісі бойынша тергеуде болған шенеунік қайтыс болды

Oinet.kz 18-03-2026

Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлық жасады деген күдікке ілінген шенеунік тергеу кезінде қайтыс болды.

image.png

Полицияның хабарлауынша, күдікті 11 наурыз күні жағдайы күрт нашарлап, Орал облыстық көпсалалы ауруханасы реанимациясына жеткізілген. Дәрігерлер оған бауырдың токсикалық зақымдануы, бауыр некрозы және қант диабетінің асқынған түрі диагнозын қойған.

Алайда науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ол 16 наурыз күні кешкі уақытта есін жимастан көз жұмған.

Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты алдын ала тергеу басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қосымша мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік, күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің қызметкері болған. Ол кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қаңтар айында ұсталған.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, 3 қаңтар күні 57 жастағы ер адам қызды алдап, өз үйіне кіргізіп, зорлық жасаған. Кейін полицияға арыз түсіп, күдікті қамауға алынған.

Алайда біраз уақыттан соң ол босатылып, үйіне жіберілген. Қыздың әкесі күдіктінің кінәсін мойындағанын, ал жәбірленуші оны танығанын айтқан. Сонымен қатар, оның айтуынша, күдікті кейін қысым көрсетіп, қоқан-лоқы жасаған.

Жәбірленуші тарап тергеу барысына көңілі толмайтынын білдіріп, істің баяу жүріп жатқанын атап өтті. Олар істің әділ қаралуына алаңдаушылық білдіруде.

Кино да жоқ, ақша да жоқ. Жан Байжанбаев жарнамалаған кастинг компаниясы күдікке ілінді
Ресейден қуылған Сабуровтың әйелі бизнестерін жаба бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу