Ресейден қуылған Сабуровтың әйелі бизнестерін жаба бастады
Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін, оның жұбайы Ресейдегі бір компаниясын жапты, деп жазады Оinet.kz.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Сабуровтың жұбайы Диананың 2025 жылы сусындар мен темекі өнімдерін саудалау мақсатында тіркелген “ДС Ритейл” компаниясы 16 наурыз 2026 жылдан өз жұмысын тоқтатқан. Хабарда атап өтілгендей, соңғы 12 айда компания активтері 1 миллион рубльге (шамамен 5,8 миллион теңге) дейін өскен, алайда наурыз айының басында Диана кәсіпорынды жабу туралы өтініш берген.
РИА Новости Диана Сабурованың компанияның жалғыз құрылтайшысы екенін растаған.
Сонымен қатар, басылым жазғандай, Диананың Ресейде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген басқа бизнесі әлі де бар. Ол 5 ақпанда тіркелген. Ал бұл уақытта Ресей Нұрланға елге кіруге тыйым салынған болатын.


