Референдум: Екі талап-арыз сотқа жеткен

Oinet.kz 17-03-2026

Референдум күні Қазақстан бойынша аумақтық комиссияларға 35 өтініш түскен. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілова мәлімдеді.

image.png

Оның айтуынша, өтініштердің басым бөлігі заңнаманы түсіндіру, референдумның мәні мен ұйымдастырылуы, учаскелік комиссиялардың жұмысы және шетелдегі дауыс беру мәселелеріне қатысты болған.

Өңірлер бойынша:

Астанада – 11 өтініш

Алматыда – 6

Маңғыстау облысында – 4

Шымкент, Қызылорда және Абай облыстарында – 3-тен

Дауыс беру қорытындысы бойынша сотқа екі талап-арыз жолданған. Оның бірі Ақтөбе облысындағы учаскеде Брайль қарпімен жазылған бюллетеньнің оқылмауына қатысты болса, екіншісі Астанадағы учаскеде байқаушыны шығару туралы шешімге шағымдануға байланысты болған.

Алайда сот қарауының нәтижесінде екі жағдайда да талапкерлердің уәждері расталмай, талап-арыздар қанағаттандырусыз қалдырылған.

«Үйде бос отырғаныма ұялдым». Талғардың экс әкімі «таксовать» етіп жүр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу