Ел алдына шыққан Назарбаев ешқандай өкініші жоқ екенін мәлімдеді

Oinet.kz 15-03-2026

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституция жобасын қабылдауға қатысты референдумға пікір білдірді. 

Screenshot_42.jpg

Дауыс беруден кейін Нұрсұлтан Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты өз пікірін білдірді. Тұңғыш Президент Мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды. Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.

“Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін. Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор. Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін”, – деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы "билік транзиті" туралы қауесетке жауап берді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу