Мемлекет басшысы "билік транзиті" туралы қауесетке жауап берді

Oinet.kz 15-03-2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен өткен брифингте келесі президент сайлауы жайлы айтты. 

Screenshot_41.jpg

Брифинг барысында Jibek joly телеарнасының тілшісі Зұлқарнай Ермұрат “Кейбір сарапшылар "Конституциялық реформа – билік транзитіне, Президент сайлауына дайындық" деген пікір айтып жүр. Жалпы, Вице-Президент лауазымы не үшін қажет? Осыған қатысты пікіріңізді білсек деп едік” деп сауал қойған еді. 

Президент вице-президент лауазымы “билік институтын нығайтатынын” айтып жауап берді. 

“Вице-Президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте Вице-Президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар "Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді" деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-Президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді”, – деді Тоқаев. 

"Мен өліп қалдым ба не?" Ғабидолла Әбдірахымов шамданып қалды
Ел алдына шыққан Назарбаев ешқандай өкініші жоқ екенін мәлімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу