Рахат Тұрлыхановтың әйелі мәлімдемесінен бас тартты

Oinet.kz 17-03-2026

Алматыда бұрынғы әнші Рахат Тұрлыханов қатысты әкімшілік іс қосымша тексеруге жіберілді, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотында қаралған. Сот барысында прокурор істі тоқтатып, материалдарды толықтыру үшін қайта тексеруге жолдауды ұсынған. Судья бұл ұсынысты қолдады.

Қорғаушы сот отырысын жабық режимде өткізуді сұрағанымен, сот өтінішті қанағаттандырмады. Сондай-ақ тараптардың татуласқанын алға тартып, істі тоқтатуды өтінді. Оның айтуынша, оқиға отбасылық келіспеушілік салдарынан туындаған, ал зорлық-зомбылық болмаған.

Сотта Тұрлыхановтың жұбайы күйеуі өзін ұрмағанын және қорламағанын мәлімдеді. Ол тек ажырасу мәселесіне байланысты сөзге келгендерін айтқан. Ал айыпталушы жанжал болғанын растағанымен, күш қолданбағанын жеткізді.

Осыған байланысты іс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы («Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер») бойынша тоқтатылып, материалдар Медеу ауданы прокурорына қосымша тексеру үшін жіберілді. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 15 наурыз күні Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Ол Алматыдағы Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Қалалық полиция департаменті бұл фактіні растады. Ведомство мәліметінше, бастапқыда әйел күш қолданылғанын айтқанымен, кейіннен бұл сөзінен бас тартып, тек отбасылық жанжал бойынша арыз түсірген.

Бұған дейін, 2024 жылы, Тұрлыханов дәл осындай айыппен жауапқа тартылғанымен, жұбайының кешірімінен кейін жауапкершіліктен босатылған. Ал 2025 жылғы қаңтарда сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

Әнші Qanay-дың анасы дүниеден өтті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу