Иранның жоғарғы басшысы Мәскеуге жасырын эвакуацияланды
Иранның жоғарғы басшысы Мұжтаба Хаменеи АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылының алғашқы күні жараланып, кейін Мәскеуге жасырын жеткізілген, деп жазады Оinet.kz.

Al Jarida басылымының мәліметінше, ирандық саясаткер Ресей астанасына құпия рейспен жеткізілген. Дереккөздің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесу барысында Хаменейді Мәскеуге емделуге жіберуді ұсынған. Бұл әңгіме өткен аптада болғаны айтылады.
Сондай-ақ дереккөздің мәліметінше, Мәскеуде Хаменейге операция жасалған. Операция сәтті өткен деген ақпарат бар. Қазіргі уақытта ол Путин резиденцияларының бірінің аумағындағы медициналық клиникада ем қабылдап жатыр. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.


