Дауыс берушілердің 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдайтындарын айтқан
«AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жүргізген Еxit poll нәтижесі Конституциялық реформа жөніндегі республикалық референдумға қатысушылардың 88,6%-ы жаңа Конституцияны қабылдаймын деп дауыс бергенін тіркеді.

Аталмыш сауалнамаға 200 дауыс беру учаскесінен 24 мың азамат қатысқан. Exit poll нәтижесі бойынша, референдумға 72,1% дауыс берушілер келген. Орталық референдум комиссиясының ресми мәліметі бойынша, елде барлығы 9 126 850 азамат дауыс беруге келген. Бұл референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың 73,24 пайызы деген сөз.
Референдумда дауыс берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жастарға арналған темірқазық екенін айтқан болатын.
Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпарат кеңістігіндегі референдуммен байланысты жарияланымдарға мониторинг жүргізіп бастағанын ескерткен еді.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, референдум күнінде 9 мыңнан астам Қазақстан азаматы шетелдегі учаскелерде дауыс берген.


