Қазақстанда әскерге шақыру маусымы басталды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Oinet.kz 17-03-2026

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды әскерден босату және азаматтарды әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Әскерге шақыру наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында өтеді. 

Screenshot_6.jpg

Ақорданың мәліметінше, президент жарлығында бірнеше жағдай қарастырылған. Атап айтқанда:

Қарулы күштер, Ішкі істер, Төтенше жағдай министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік пен Мемлекеттік күзет қызметінде белгіленген мерзімін өтеген сарбаздар наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында запасқа шығарылады;

Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2026 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылады;

жергілікті атқарушы органдар әскерге шақыру науқанын ұйымдастырып, оның өтуін қамтамасыз етеді;

Үкімет, ҰҚК және Мемлекеттік күзет қызметі әскерге шақырылған азаматтарды қызмет орнына жіберу мен мерзімін өтеген сарбаздарды босатуды қаржылай және материалдық жағынан қамтамасыз етеді.

Зейнеткерді дорбасымен қоса сүйрей жөнелген: Павлодарда тонау әрекеті видеоға түсіп қалды
Шымкентте аудан әкімі футбол алаңында ер адамды соққыға жықты деп айыпталған: Тәртіптік іс қозғалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу