Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталды
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті 2023 жылдың 27 сәуірінен бастап Түркістан облысының Білім басқармасының 2020-2023 жылдар аралығындағы қызметінде сыртқы талдау жұмыстарын жүргізуді бастады.
Құрметті желі қолданушылары, егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз, арыз-шағымдарыңыз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.
Мекен-жайымыз: Түркістан қаласы, Тәуке даңғылы, №100.
Байланыс: +7702-909-17-73;
Эл.почта: anticor13@mail.ru
Сіздің ашық ұстанымыңыз бен азаматтық белсенділігіңіз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде аса маңызды!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына Бірге тосқауыл болайық!