Сайрамның таскешу ауылына газ берілді

Oinet.kz 28-04-2023 182

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Таскешу ауылына газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Бахытбек Хасанов таскешулік тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

IMG-20230427-WA0025.jpg

"Тәуелсіздігіміз  туын тіккен жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің ауданда  көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Соның бір парасы бүгін Таскешу ауылында жүзеге асуда. Бүгін міне қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Ауылға көгілдір отын беріліп жатыр», – деді.

Көгілдір отынға қол жеткізген Таскешу ауылының тұрғындары енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп, жүрекжарды тілегін ел тұрғындары ризашылығын білдіруде.

Таскешу ауылы бұған дейін газдандырылмаған болатын. Енді елді мекен тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтары толығымен шешімін тауып отыр.

Айта кетерлік жайт, «Таскешу ауылын табиғи газбен жабдықтау»  нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Құрылыс жұмыстарының қаржысы – 249 450 мың теңге. Қосылған үй саны – 310.

Сонымен қатар қазіргі таңда аудандағы 6 елді мекенде газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

Грантпен кәсіп ашқандар көбейіп келеді
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу