Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Oinet.kz 14-09-2021 836

Screenshot_5.jpg

Өмір гүлі - бала. Ал бүгінгі бала ертеңгі ел болашағы. Мемлекетті алға сүйейтін күш болады. Ең бастысы балаға жас кезде сапалы білім, өнегелі тәрбие берген абзал. Тәрбиеге қанып өскен бала Отансүйгіш, еліне адал қызмет етер патриот болып өсері анық. 

Әрине бала солқылдақ, ерме болады. Әсіресе жасөспірім кезде. Олар тиісті бақылау болмаса теріс жолға түсіп кетуі әбден мүмкін. Сол себепті де баланы назардан тыс қалдырмай, әрқашан жанында болған жөн. Оны дұрыс жолға салып, қолдау көрсетіп отырған өте маңызды.

Осы орайда Бәйдібек ауданы аумағында жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі,  аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Шаян ауылындағы саябақтар мен орталық көшелерде беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүруін анықтау барысында түнгі рейдтік жұмыстары жүргізілді.

Рейд барысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге және ауыл жастарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауыл жасөспірімдері бұндай әрекет жасамайтындарын айтып өз қателіктерін мойындады. 

Президент Жолдауы талқыланды
Баланың бүгінгі қуанышы - болашаққа құйылған инвестиция
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу