Бәйдібек әкімі ауылдық округтерді аралады
29-06-2022
Бәйдібек ауданында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы бойынша аудан активімен жиын өткізілді.
Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы тармақтарға жеке жеке тоқталып, Жолдау аясында ауданда атқарылатын жұмыстарды баяндады. Президенттің Жолдауына қолдау білдіріп, насихаттауда ауданымыздың бірқатар азаматтары аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай, аудандық орталық аурухананың дәрігері А.Бекмаханова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Е.Бөрібек мінберге шығып, өз ойларын ортаға салды.
Актив жиынында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков:
– Жолдау алдымызға көптеген міндеттер жүктеп отыр. Оны жүзеге асыруға жұмылу баршамыз үшін басты міндет. Осы жолда жұмыла қызмет жасауға баршаңызды шақырамын, - деп жиынды қорытындылады.
Президент Жолдауынан туындаған міндеттерді талқылауға арналған аудан активінің жиынына аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, аудан орталығындағы барлық мемлекеттік мекемелер мен дербес бөлім басшылары, ауылдық округі әкімдері, саяси партиялар, Үкіметтік емес ұйымдар және жергілікті баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.