«Ол мені көмді»: Жазықсыз түрмеге тоғытылған көпбалалы әйел үйіне келген соң күйеуін қуып жіберген

Oinet.kz 30-08-2023 1174

Алматы қаласының Медеу ауданының "Бақытты отбасы" жобасының басқарушысы Бибінұр Шералиева өз оқиғасымен "Қыздар-ай" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_15.jpg

Бибінұр Шералиева 3,5 жыл түрмеге "жалған ақша жасадың" деген айыппен отырғызылған. 5 айлық сәбиімен қыздары бар көп балалы ана басында сотқа кінәлі емес, оқиға куәгері болуға шақыруға барғанын жеткізді. Сол барған соңы, кінәлі болып түрмеде отырумен аяқталған. Өз3 түрмеге түскенде балаларының жан-жаққа тарап кеткені қатты көңілін қынжылтқанын айтты. Күйеуінің өзі түрмеге кезде балаға қарамай өзімен өз өмір сүргенін айтты.

"Ол мені көмді де, өзінің басқа өмірін сүріп кетті. Менің заттарымды таратып, сатып жіберді. Оған мен енді ешқашан келмейтіндей көрінді. Еркек балаға қарамайды екен. Мен соны түсіндім. Ол үшін балалар жоқ болды. Көзіне дым көрінбеді. Мен соны кешіре алмадым. Мен бірінші кезекте сатқыннан құтылдым. Мен шыққан соң, бірден келді. Ештеңе болмағандай келді. Ол түсіндірмеді. Мен тек кетесің дедім",- деді Бибінұр

Өзінің осыншама сынаққа сынбай, қайта жақсы өмір сүруге қайдан күш келіп жатқанын сұрағанда :

"Құдай күш береді. Алланың қалауымен тек. Басқаша болмады. Бұл жоғарыдан келген белгі. Не болсада бұл сынақ маған бекерден бекер берілмеген екен. Мен осындай мұқтаж әйелдердің  заңына кіріссін деп. Мен тек осымен айналысамын"- дейді Бибінұр Шералиева".

Түрмеден шыққан соң алғашқы ісі сатқыннан құтылып, күйеуіммен ажырастым деген Бибінұр үйін, балаларын қайтадан өз қарауына алып жайғастырады. Қазір өзі секілді көмекке мұқтаж әйелденге қол үшін созып, мәселесін шешіп берумен айналысады. 2013 жылы бостандыққа шыққан әйел қазіргі таңға дейін 30 мыңдай әйелге көмектескенін жасырмады. 

Түрме бөлек әлем, оның өз ережесі бар. Ол жақта оңай емес екендігін айтты.

«Армандама, саған жараспайды»: Гүлзира Айдарбекова елден оңбай сөз естіді (видео)
«Ажырасқан әйелдер - қоғамның сорысыңдар»: Меруерт Әйтенова
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу