«Миға қонымсыз»: Әнші Yenlik өзі туралы жалған ақпарат таратқан Динара Сәтжанның өтірігін әшкереледі

Oinet.kz 29-08-2023 779

Жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбек гонорарына қатысты жалған ақпарат таратқан тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі NTK арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Динара Сәтжан сұхбаттардың бірінде інісінің тойына бірқатар отандық әншілерді шақырмақ болғанын айтты. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов пен Еңлік бар. Қазіргі жас әншілердің өнері Динара Сәтжанды қаншалықты қуантса, жаңа толқынның гонорары соншалықты таңғалдырды.

“Былтыр інімнің тойына Мирас Жүгінісовты шақырғым келген. Гонорарының бағасы жеңілдікпен 3 жарым миллионға шықты. Қазір ол баға үш есеге дейін көтеріліп кеткен болар. Ал Еңліктің тойға шығуы 12 миллион теңге деп естідім”, – дейді Динара Сәтжан.

Ал Еңлік отандық тележүргізушінің бұл сөздерін жоққа шығарды. 

“12 миллион емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Мүмкін, дұрыс естімеген шығар. Мүмкін, дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген емеспін. Бұл баға - миға қонымсыз нәрсе. Сондықтан, ол дизинформация”, – деп жауап берді Yenlik.

«Көңілімді тапқысы келетін жігіттер көп»: Ayree екі жыл кездескен сүйіктісі туралы айтты
«Армандама, саған жараспайды»: Гүлзира Айдарбекова елден оңбай сөз естіді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу