«Бесігі жоқ елден қорқамын» - Жұлдыз Абдукаримова тынысын тарылтып, жылатқан оқиғаны айтты

Oinet.kz 25-07-2023 2408

Танымал тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова қоқыста жатқан бесікті көргенін, киелі нәрсенің жатқанын көріп, көзіне жас алғанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Бір бесіктің күйі. Таң атты. Әдеттегідей жұмысыма шықтым. Түсірілім тобы бар. "Балалар" тақырыбы болғандықтан арамызда кішкентай қыз бар еді. Кенет көзім қоқыс үстінде жатқан бесікке түсті. Ішім алай-дүлей. Тынысым тарылды. Көлікті тоқтаттым. Әлем тоқтап қалғандай. Елестей есімді жия алмай, сүрініп-шалынып, бесікке бардым. Артыма қарасам, әлгі кішкентай қыз жүгіріп келеді. Түсірілім тобы аң-таң. Сонда түсінгенім, ана жүрегі мен бала көңіліне қоқыстағы бесік оттай үрей берді. Көзімізден жас сорғалап, тамаққа өксік тығылды", - деді ол. 

Өнер иесі бесікті көргенде қандай күйде болғанын айтты. 

"Балаларымның шақалағында бесіктен шешкен бойда керіліп бой жазғаны есіме түсті. Дәл сол сәтте құмарлана иіскейтінмін. Бұл дүниенің мәні, О дүниенің жұпары сол сәтте емес пе?! Елдегі балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың тым тереңде жатқанын түсіндім. Біз ұлт ретінде сал-дәстүрімізді ұмытып, киелі бесігімізді қоқысқа тастай бастаппыз. Неге? Қашан бұл күйге жеттік? Бауыржан Момышұлы атамыз "Бесігі жоқ елден қорқамын" демеді ме? Бала және оған қатысты барлық дүние менің жанды жерім! Түсірілім бағыты өзгерді! Бұл туралы әлі біраз дүние айтамын, көрсетемін деп шештім", - деп жазған ол. 

Желі қолданушылары тележүргізушінің ойына қосылып, пікір қалдырған. 

"Ел болғың келсе бесігіңді түзе деп бекер айтпаған! Тәрбие тал бесіктен! Аналарымыз бесікті қастерлеп, қайнаған сумен жуып, таза матамен орап биікке қойған! Ұрпағым жалғассын деген ниетпен! Қоқысқа тастағаны несі?! Үміттерің жоқ па Алладан!" "Әкем жатқан бесікте мен, менің балаларым жатты. "Бесіктің киесі болады" деп әкем сақтап қойған! Әр шаңырақта бесікте тербелер бөбегі болсыншы!" "Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі! Ұлттың ұясы, қазақы тәлім-тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік болып танылған бесіктің пайда болуы өте ертеде", - деп жазған олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

«Маған күн көрсетпеді, мені ұрды, тиран болды»: Маржан Арапбаева ажырасу себебін айтты
«Біреудің қалдығына қалай үйлендің?»: Хиджабтағы сексолог бұл салаға келуіне не әсер еткенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу