«Біздің әртіс қыздарға не болған?»: Сиви Махмудидің образы көпшілікке жақпай қалды
Отандық әнші Сиви Махмуди өзінің инстаграм парақшасына хиджаппен түскен суретін жариялап, көпшіліктің сынына қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Сиви аталған суреттің астына "Бүгінгі образым қалай?" деп көпшілікке сауал тастаған. Әншінің бұл әрекетін орамалға деген немқұрайлылық деп түсінген желі қолданушылары Сивиді сынап тастады:
“Әншілердің барлығы хиджабты сәнге айналдырған ба?”, “Орамал деген мазақ болды ғой, әсіресе халықтың алдында жүргендер үшін”, “Киемін десе киеді, шешемін десе шеше салатын болыпты”, “Сәнге айналды”, “Орамал ермек болды”, "Біздің әртіс қыздарға не болған? Мынау масқара ғой!", "Хиджап киген болсаң, тонна макияж неге керек? Ақымақтық. Өз-өзіңді жарнамалап тұрғанға ұқсайсың", – деп жазды желідегілер.
Әнші мұндай кері пікірлерге историсында: “Орамалды мазақ қылған жоқпын, жәй образ деп қабылдаңыздар. Хиджабты тек фотосессия және видео үшін кидім. Орамалға келмедім. Артық сөгудің қажеті жоқ”, – деп видеожазба қалдырды.