«Одан Рымбаева тіпті бір көйлекке ақша тапса, бұйырмасын»: Роза Рымбаева

Oinet.kz 22-08-2022 1186

Халықаралық әнші Роза Рымбаева әкімдік тарапынан ұйымдастрылған концертіне жұмсалған қаражатқа қатысты сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_14.jpg

"Мен әкімшілікке қарайтын әншімін, ресми жұмысым сол. Сондықтан біздің концерттік бағдарламаның бірінші қолдаушысы – әкімдік. Әлі де жыл аяғына дейін уақыт бар. Болса болады, болмаса ол көрерменге керек. Мен өзімнің орнымды баяғыда тапқан әншімін", - деген Рымбаева мәселенің әлі нақты шешілмегенін атап өтті.

Десе де, ол миллиондаған қаржының қайда кететінін түсіндірді. 

"Бір залдың жалға алу құны, декорация, жарық, контент, дирижердің жұмысы, оркестрдің дайындығы, орындалатын шығармалардың авторлары, балет, оның дайындығы, костюмі, режиссерлердің жұмысы бар. Әр әнге контент қоясың. Соның бәрін есептеген кезде бөлінетін сомманың жартысы кетіп қалады. Ал қалған ақша режиссер, баллет, партитура және т.б. қызметтердің ақысына төленеді.  Одан Рымбаева тіпті бір көйлекке ақша тапса, бұйырмасын. Керісінше, үстінен 20-30 мың доллар өз қалтамнан қосамын. Тұңғыш концерт болғандықтан, Әлидің концертіне де өз қалтамнан ақша қостым. Сол ақшаның бәрі менің қалтама кетіп жатқандай ел шулайды", - дейді Роза Қуанышқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігінің танымал өнерпаздардың концерттерін ұйымдастыру үшін 220 миллион теңге жұмсамақ болғаны қоғамның қызу талқысына ұшыаған болатын.

«Өтініш, ерлер қауымы, нәпсіні қойып, жанұяға көңіл бөліңіздерші»: Ерке Есмахан
«Мен де, балапандар да араласпайды»: Сиви Махмуди бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу