«Мал сияқтысыңдар жабайы»: Әнші Садраддин тыңдармандарының езгісінде қап қойды (видео)
Нұр-Сұлтан қаласында өңкей қыздар әнші Садраддин Болатқа ұмытылып, аттап қадам басқызбады. "Хан Шатыр" ойын және сауда-саттық орталығына жиналған көпшілік әншінің шашынан жұлып, таптап кете жаздаған. Жанында күзет болғанына қарамастан, фанаттардың ортасында қалған Садраддин бұл жағдайдан әрең құтылып шыққан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосын журналист Ерқанат Көпжасар Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Садраддин деген әншіні Хан-Шатырда нұр-сұлтандықтар аямапты. Астана халқының мәдени деңгейі осы болса, басқа өңір туралы айтпай-ақ қояйық", - деп жазды ол.
Бейнежазбада қаумалаған халық әншіге жол бермей, оны қыспаққа алған. Қолы жеткендер Садрадиннің шашынан жұлған. Мұның барлығы әншінің жанында екі күзет қызметкері болғанына қарамастан, орын алған.
Әнші "Хан Шатырда" тегін концерт қоямын деп осындай жағдайға тап болған.
Желі қолданушылары "Жабайылар", "Тегін дүниенің қадірі жоқ", "Дарақылық", "Өші қалғандай не болды сонша?", "Мал сияқтысыңдар жабайы" дейтін теріс пікірлер жазып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram