Жазира Байырбекова мен қызының суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Танымал әнші Жазира Байырбекова мен қызы Дараның суреті көпшілікті тәнті етті. Бұл фото әншінің Instagram парақшасында жарияланды.
- Көп психологтардың“повысить самооценку» деп жалпылама халыққа үйрететіні қоғамға қауіпті. Әр ауруды әр түрлі дәрімен керек жерін ғана емдейтіндей әр адамның жан дүниесіне психологтың жеке диагнозы, жеке емі керек қой. Менімше “өзін жоғары бағалаудың” орнына “батылдықты” ғана үйренген дұрыс-ау.
“Батылдық” - ақыл мен мейірімділікті қатар алып жүрсе адамға керек. “Өз бағасын өсіру” (повысить самооценку) -кей адамдарды тәкаппарлыққа,өзімшілдікке апармай ма? Ойлаңыздаршы.Өзін жоғары бағалап,басқаларды өзінен төмен сезіну арқылы бақытты болу дұрыс па? Интернеттен ақыл тыңдаймыз деп өздеріңіздің болмыстарыңызды жоғалтып алмаңыздаршы - деп жазды әнші.
Әншінің жазбасына және қызымен түскен суретіне желі қолданушылары түрліше пікір қалдыруда.
- "Білікті кісі — баға жетпес алтын, Біліксіз кісі — бес тиын бақыр,- деген…ішің бос, ақыл парасатың саяз болса, бағаңды ауызбен де , мінезбен де көтере алмайсың..көрініп қалады бәрібір ұят болады! Өте дұрыс айтасың құрбым", "Кейде бір жұмысты біреу сенен артық жасауға қабілетін көресің. Қанша тырыссаң да, қанша батыл болсаң анадан артық қолыңнан келмейд ол и все. Егер самооценкаң дұрыс болса, за то басқа нәрсені жақсы жасаймын, за то маған сабақ болды деп әрі қарай қозғаласың. Ал, сасооценкаң төмен болса, мұңайып, төмен қарап, может даже қызғанып (іштей), тоқтап қаласың. Негізі, сасооценка мен батылдық жеке ұғым, екеуі де керек", "Әр адам әрқалай түсінеді. Өзін бағалап үйрену керек. Әйелдер көбіне тіршіліпен жүріп өзіне қарамай кетеді. Елдің бәрі әнші, кәсіпкер әйел емес гой. Әдемі көйлек киіп жүретін. Қарапайым әйелдер көбіне өзіне халат алуға ақшасын қимайды. Әйелге шүберектің өзі энергия сыйлайды", "Алла берген табиғи мінезімізден ешқашан өзгере алмаймыз ау. Жаратылыс, тәрбиеге байланысты бәрі", "Жаным жаныым сұлуларым аман болыңдар бақытты күндерің еселенсін", "Мен де келіспеймін,адам қандай жағдай болсын қарапайым болу керек!" - деп жазды әнші.