Қарақат Әбілдина: «Бұл заманның бір қасіреті»

Oinet.kz 09-11-2021 1533

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина қазіргі мектеп қабырғасында білім алатын оқушылардың тәртібі туралы пікірін білдірді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Қарақат Әбілдина.png

- Демалыстың аздау болғанына көңілдері толыңқырамаған біздің үйдің оқушылары сабаққа кетті. Балалардың қосымша күніне бір сағат болсын кітап оқығанын қадағалап отырамыз. Мынау екінші ұлдың кітап оқып отырған түрі. Оқып отыр ма, ұйықтап отыр ма, арғы жағын “ ішің білсін әлу-ай” болып тұр. 13 жас қой… Өтпелі кезең… Оңай емес… Қай баланың да қиын кезі. Ұлдар әсіресе. Ұлдар тұрмақ қыздардан шығып жатыр түрлі қылық - дейді бір мұғалім танысым: Заманның бір қасіреті - электронды темекі болып тұр. Мектеп көлемінде күресіп жатырмыз. Қоңырауда әжетхана аңдимыз. Ал баланың үсті-басын тексеруге, сумкасын ақтаруға құқығымыз жоқ,заңға қайшы, - деп мұңын шағады…

Бұрын қалай еді, топ-топқа бөлініп төбелесетін ұлдардың сөмкесін, үсті-басын түгел ақтарып ұстаздарымыз, сол кездің “холодное оружие” дейді, суық қаруларын алып шығатын. Сонда бір де бір ата-ана келіп: баламның қалтасы мен сөмкесін не үшін ақтарып, неге пышағын, қаруын аласың, заң қайда, тәртіп қайда” демепті. Бұрынғы бұрынғыда қалды ғой не де болса…

Қазіргі жас буын кітапхана жағалап, проза, позиядан хабар алып, қалт етсе роман оқып, түндерде ұйықтамай кітап кеміре қоймас. Содан соң осылай қалғып-мүлгіп болса да көз алдымызда шама жеткенше оқысын дейміз - деп жазды әнші. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Нұрғали Нүсіпжанов пен жұбайы елді сүйсіндірді (фото)
Жазира Байырбекова мен қызының суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу